{metadescription}
Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласын таңдады.

TheAthletic ақпаратынша, келесі жекпе-жегінде Головкин польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Мұның алдында қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер оның атын GGG-ге қарсылас болуы мүмкін боксшылар қатарында атаған еді. Сонымен қатар, Головкин келесі жылдың басында жекпе-жек өткізбек. 

«Алайда егер «Канело» мамыр айында жекпе-жек өткізуге келіссе, онда қазақстандық боксшы Шереметпен жұдырықтасудан бас тартуы мүмкін», - делінеді.

Еске салайық, Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.