{metadescription}
Павлодар ауданында 9 бас жылқы өртеніп кетті

Павлодар ауданында 9 бас жылқы өртеніп кетті

Тілсіз жау Павлодар ауданының Ольгинко ауылында тіркелген.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

- Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне № 3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі жанған. Сондай-ақ, жалын 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен.

Өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты.

Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды. Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде