{metadescription}
Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

Бокстан әлем чемпионы жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті

WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі жеңілмеген әлем чемпионы, америкалық Эррол Спенс жол апатына ұшырап, ауыр жарақаттанған.

Белгілі болғандай, Ferrari көлігін тізгіндеген боксшы қазанның 10-ына қараған түні Далласта жол апатына ұшыраған. Полиция мәліметінше, Спенстің көлігі апат кезінде кемінде 5 рет аударылған. Боксшы жоғары жылдамдықпен келе жатқан екен. Сонымен қатар ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Әзірге апат кезінде боксшының мас болған-болмағаны белгісіз.

Қазіргі уақытта Спенс қарқынды ота бөлімінде жатыр. Ол тірі. Алайда қандай жарақат алғаны әзірге хабарланбады. Спенс 28 қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде отандасы Шон Портерді жеңіп, оның WBC атағын иемденіп, IBF белбеуін қорғаған еді

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде