{metadescription}
Көршісінің мәйітін 6 жыл пәтерде сақтаған

Көршісінің мәйітін 6 жыл пәтерде сақтаған

Жаға ұстатқан оқиға АҚШ-тың Калифорния штатында болған.

Ер адам 6 жыл бойы көршісінің мәйітін пәтерінде жасырған. АҚШ тұрғыны көрші әйелді өлтіріп, оның денесін пәтердің қабырғасында сақтап келген. Лос-Анджелес қаласының тұрғыны Рейвен Кемпбелл (Raven Campbell) 2009 жылдың маусымында із-түзсіз жоғалып кеткен.

Ал 2015 жылдың шілдесінде әйелдің отбасына белгісіз біреу хабарласып, марқұмның денесі өзі тұрған апартамент кешеніндегі қабырғада екенін айтады. Кейін іс-түзсіз жоғалған тұрғынның туыстары құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.

Полиция иттің көмегімен Рейвен Кемпбелдің денесін табады. Көршілер жылдары бойы жағымсыз иіске шағымданып келгені анықталды. Тергеу барысында бұл іске 47 жастағы Рендольф Е. Гарбаттың қатысы бары анықталған. Ол Рейвен Кемпбелдің бұрынғы көршісі болған. Рендольф әйелді балғамен ұрып өлтірген. 2019 жылы оның кінәсі дәлелденіп, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

26 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.