{metadescription}
Петропавлда екі мас жүргінші көлік астына түсті

Петропавлда екі мас жүргінші көлік астына түсті

Петропавлда белгіленбеген жерден өтпек болған екі жүргіншіні көлік қағып, екеуі де дене жарақатын алды.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының 56 жастағы тұрғыны Уәлиханов және Хименко көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолдан өтіп кетпек болған. Мас әйел келіп қалған көлікті байқамай, астына түсіп, салдарынан дене жарақатын алды.

Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 мыңнан артық теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Сол күні кешкі сағат 20.00-дер шамасында «Лада» автокөлігі Қызылжар ауданының 51 жастағы тұрғынын соқты. Бұл жүргінші де мас күйінде Петропавл қаласындағы Н.Назарбаев көшесін белгіленбеген жерден қиып өтпек болған. Дене жарақатын алған ол ауруханаға жеткізілді.

«Жүргіншілердің көпшілігі жолда жүру тәртібін сақтамайды. Жыл басынан 6 мың адамды белгіленбеген жерден көшені қиып өткені үшін жазаға тарттық. Жол қозғалысының барлық қатысушылары ортақ жауапкершілікті естен шығармаулары керек. Жолда жүру ережелерінде жаяу жүргіншінің де міндеттері көрсетілген. Жолдағы арнайы белгіленген жерден қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана барып өту керек», - дейді СҚО ПД Жерглікті полиция қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

Жалпы жыл басынан Петропавлда 49 жүргіншіні көлік қағып, алтауы мерт болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде