{metadescription}
Мемлекет басшысы елордада өткен сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы елордада өткен сенбілікке қатысты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ботаникалық бақта өткен экологиялық сенбілікке қатысты.

«Елорданың Ботаникалық бағында өткен сенбілікке қатыстым. Елімізді көгалдандыру – табиғатты қорғауға қажетті және қайырымды іс. Осы пайдалы шараға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіремін. Елордамыз жайлы және жасыл қалаға айналуы керек», - деп жазды Twitter-де Мемлекет басшысы.

 Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек-13 қазан аралығында экологиялық айлық өтіп жатыр. Оның аясында 12 қазан күні Нұр-Сұлтанда ағаш отырғызу акциясы өтетіні белгіленген еді. Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара еліміздің барлық өңірінде қолдау тапты.
 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде