{metadescription}
Жапонияда студент таза парақты тексеруге беріп өте жақсы деген баға алды

Жапонияда студент таза парақты тексеруге беріп өте жақсы деген баға алды

Университетте тарих факультетінде ниндзя тарихын зерттейтін бірінші курс студенті Миэ Эйми Хага емтихан кезінде оқытушыға таза парақ тапсырып жоғары балл алған.

Шығарма "абуридаси" техникасымен, яғни, көрінбейтін сиямен жазылған. Мұндай техниканы ниндзялар құпия хаттар мен хабарламаларды жіберу үшін қолданған. Эйми Хага ниндзя кезінде қолданылған ежелгі рецепт бойынша соя бұршақтарынан сия дайындаған. Бұған студент 10 сағаттан астам уақыт жұмсаған.

"Бұл туралы кішкентайымда оқыған кітаптардан білдім. Мен жай ғана сыныпта мұндай ешкімнің ойына кіріп-шықпайтынын білдім", – деді Эйми Хага ВВС-ге берген сұхбатында.

Оның шығармасын дұрыс түсінетініне сенімді болу үшін, Хага әдеттегі сиямен парақтың шетіне "қыздыру керек" деген белгі қалдырған. Профессор Юджи Ямада таза қағаз парағын көріп таң қалғанын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Мен бұл шығарма өте жақсы бағаға лайық екеніне күмән келтірмедім. Тіпті, оны соңына дейін оқымадым, себебі мен оны мысал ретінде қалдыру үшін мәтінді толық көрсеткім келмеді. Егер БАҚ бұл туралы білсе, суретке түсіргісі келетінін білдім", – деді профессор.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.