{metadescription}
Жаңаөзенде жол апаты болып, 9 адам зардап шекті

Жаңаөзенде жол апаты болып, 9 адам зардап шекті

Жол апаты 9 қазан күні кешкі сағат 22:15-те болған.

Жол апатынан зардап шеккендер арасында 4 әйел адам мен екі жасар бала бар. Бұл туралы МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жол апаты 9 қазан күні кешкі сағат 22:15-те болған. №22 шағынаудандағы мектеп жанында бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан 9 адам зардап шегіп, олар Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген. 

«Зардап шеккендер арасында екі жасар бала болды, ол травматология бөліміне жабық ми жарақатымен жеткізілді. Миы шайқалған. Сонымен қатар, осы бөлімге 55 жастағы әйел адам оң жақ аяғының сүйегі сынып жатқызылды. Бұдан бөлек, 4 әйелдің де миы шайқалған. Ал, 22 жастағы ер адам мен 51 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді. Ал, бір адам ем алудан бас тартып, үйіне кетті», - делінген хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде