{metadescription}
Ауаны ластайтын автокөліктермен күрес күшейтілуде

Ауаны ластайтын автокөліктермен күрес күшейтілуде

Жамбыл облысының Полиция департаменті облыс әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовтың тапсырмасымен ауаға зиянды заттар шығару арқылы қоршаған ортаға залал келтіретін автокөліктерді анықтау мақсатында "Таза ауа" жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізуде. 

Бүгінгі таңда мұндай көліктер атмосфераны ластаудың және өңірдегі экологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері болып табылады.

"Өкінішке орай, талаптарға сай келмейтін көлік құралдары әлі де көп. Жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы үш күні ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабы бойынша 200-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бапқа сәйкес екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылады, ал құқық бұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткішке дейін артады, сондай-ақ мемлекеттік нөмірді алып қою көзделген", - делінген таратылған ақпаратта.

Бүгінде облыс орталығының жолдарында қоғамдық көліктердің саны артуда, оның басым бөлігі экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Бұзушылықтардың көпшілігі жолаушылар автобустарына қатысты болып отыр. Сондықтан қазіргі уақытта атмосфераға зиянды заттар шығаратын осы санаттағы көліктерді азайту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, жүргізушілермен қатар автобус парктерінің иелері де қатаң жауапкершілікке тартылады.

Дереккөз: baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде