{metadescription}
Климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді

Климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді

Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді.

«Әлемде жаһандық жылыну үлкен проблемаға айналғандықтан, оған алаңдаушылар қатары да артты. Мамандардың айтуынша, климаттың өзгеруі психикаға кері әсерін тигізеді. Ал бұл туралы алаңдау одан да зиян», деп жазады ВВС. Мақалада автор Вустер университетінің психологы профессоры Сьюзен Клэйтонның баяндамасы туралы айтады. Оның баяндамасында климаттың өзгеруі ақпаратты өңдеу және эмоционалды реакциялардан кейін шешім қабылдау қабілетіне қауіп төндіріп тұр.

«Климатты алаңдау – климаттық депрессия сияқты. Тіпті, қазіргі таңда климат бойынша психологтар да жұмыс істей бастағаны белгілі. Көбіне климаттың өзгеруіне қатты алаңдайтын адамдар қандай да бір экологиялық ұйымға мүше болып, белсенді жұмыспен айналысқанда ғана психологиялық тұрғыда өздерін жақсы сезіне бастайды», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, Нью Йорк университетінің Қоршаған орта гигиенасы клиникасының мамандары зерттеу жүргізген. Ғалымдар ойдан іске көшкен адамдарда ғана психологиялық тұрақтылық болғанын анықтаған.

«Адам қорыққанда түрлі қорғаныш механизмдері іске қосылады. Климаттық дағдарыста мұның еш пайдасы жоқ. Тіпті, кейбір адамдар өздерін қоршаған орта алдында кінәлі сезінеді екен. Негізінде, кінәдан гөрі жауапкершіліктің басым болғаны дұрыс», - дейді Орегондағы Уилламетт университетінің психологы Сбюзен М.Когер.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде