{metadescription}
Қарағандылық азамат кафеге бомбасы бар сөмкемен келген

Қарағандылық азамат кафеге бомбасы бар сөмкемен келген

Қарағандыда 47 жасар ер адам қалалық кафелердің бірін "жаруға" тырысты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 қазан күні болған. Түскі уақытта Ленин көшесінде орналасқан кафеде ер адам ғимаратты жару қауіппін төндіргені туралы хабар келіп түскен.

"Жедел кезекшіге барлық шұғыл қызметтер жіберілді. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оқиға орнында 47 жастағы ер адамды анықтады, ол оның "рюкзакта" "бомба" екенін, ол 15 минуттан кейін жарылатынын айтқан. Оқиға орнында қоршауға алынып, кафеден екі адам қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Полицейлер рюкзакты қарап шықты, бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Онда тозған киім болған. Белгілі болғандай, 47 жасар ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылған. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.