{metadescription}
Үйінде темекі тартқан оралдық мерт болды

Үйінде темекі тартқан оралдық мерт болды

Оралда өз үйінде темекі шеккен ер адам ажал құшты.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 06.57-де Зачаган кентінде болды. Кенттегі 3-я линейная көшесі, 11 мекенжайында тұрғын үй отқа оранды.

100 шаршы метрді қамтыған өрт орнынан жанып кеткен 1963 жылғы азаматтың мүрдесі табылды. Жалын 07.42-де оқшауланып, 07.56-да сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт темекі тарту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде