{metadescription}
Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие берілмейтін болaды

Қазақстанда табысы төмен азаматтарға несие берілмейтін болaды

Жыл соңына дейін кірісі төмен азаматтарға кепілсіз қарыз беруге тыйым салатын шаралар қабылданады.

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев халықтың қарыздық жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін бірқатар шаралар әзірленіп жатқанын айтты. Досаев халықтың борыш жүктемесінің өсуіне орай жүйелі тәуекелдерді шектеу үшін шілде айында тұтынушылық кредиттердің субъектілерін реттейтін заң қабылданғанын атап өтті.

Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тапсырған еді. Биыл Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29 698 теңге болды.

«Жыл соңына дейін берешегін өтеуі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша айыпақы, комиссия және басқа да төлемдердің есептелуіне тыйым салуды, сонымен қатар табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды қарастыратын шаралар қабылданады», - деді Ерболат Досаев үкімет отырысында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.