{metadescription}
Павлодар облысында екі ірі жол апаты болды

Павлодар облысында екі ірі жол апаты болды

Екі жол апатының бірінде көз жұмған адам Ақмола облысының тұрғыны болып шықты.

«12 қазан күні 22:00-де Екібастұз-Төрткұдық автожолында, Шідерті ауылынан 2 шақырым жерде «Audi 80» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, металдан жасалған қоршауға соғылған. Жол апаты салдарынан Ақмола облысының 53 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды», - деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ ведомство адам өліміне әкелген тағы бір жол апатының болғанын мәлім етті.

«13 қазан күні 07:20-да Павлодар-Қызылорда автожолының 79-шы шақырымында «Lada 21911» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деді полициядан.

Екі дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, көліктер айыппұл тұрағына жеткізілген. ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.