{metadescription}
Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионы атанды

Маңғыстаулық самбошы әлем чемпионы атанды

Ташкент қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен самбодан әлем чемпионатында маңғыстаулық Дәурен Төлегенов топ жарды.

Байрақты бәсекеде маңғыстаулық самбошы, «Жас батыр» спорт мектебінің спортшысы Дәурен Төлегенов 56 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, оқ бойы озып шықты. Спортшы Түрікменстан, Колумбия, Әзірбайжан, Өзбекстан спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

«Дәурен Төлегенов - айтулы додаларда жүлде алып жүрген, болашағынан зор үміт күттіретін жас самбошы. 2019 жылы ҚР чемпионы, Азия чемпионы, Әлем чемпионы атанды. «Жас батыр» спорт мектебі ұжымының қуанышында шек жоқ. Чемпион тәрбиелеуде тер төгіп, еңбек етіп жүрген барша бапкерлерді құттықтаймын», - дейді «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде