{metadescription}
Маңғыстауда ат жарыстың арты жаппай төбелеске ұласты

Маңғыстауда ат жарыстың арты жаппай төбелеске ұласты

Маңғыстау облысының тұрғындары бәйге кезінде жаппай төбелесті.

Әлеуметтік желіде Шетпе ауылындағы ат бәйгесі кезінде туындаған жанжал түсірілген кадрлар бар бейнеролик тарап кетті. Бұл айқай-шу таңғы сағат 9:17- де басталған. Роликтегі кадрдардан полицейлердің шиеленіскен жағдайды тоқтатуға тырысып баққандары көрініп тұр. Алайда, ол бос әурешілік болған. Кәмелет жасқа толмаған балалар бұл оқиғаның еріксіз куәсі болған. 

"Маңғыстау ауданының ипподромында жаппай төбелес болды. Осы дерек бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде