{metadescription}
Дәрігерлер қақалып қалған зейнеткерді телефон арқылы құтқарып қалды

Дәрігерлер қақалып қалған зейнеткерді телефон арқылы құтқарып қалды

Таңғы ас ішіп отырғанда тамаққа қақалып қалған 68 жастағы Павлодар тұрғынының дауысы қарлығып, көгере бастаған. 

Қуанышқа орай 103 қызметінің диспетчері зардап шеккен ер адамның туыстарына телефон арқылы дереу инструкция жүргізіп, зейнеткердің тыныс жолдарын ашуға көмектескен. 

Аймақтық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 68 жастағы зейнеткер таңғы ас кезінде қақалып қалған. Оның қарлығып, көгере бастағанын көрген туыстары дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. 

"Оқиға орнына шок бригадасы жіберілді. Дегенмен жедел жәрдем диспетчері телефон арқылы қашықтықтан зардап шеккен адамның туыстарына қалай шұғыл көмек көрсетуге болатынын айтып, инструкция жүргізді. Қорыққандарына қарамастан олар реанимациялық шараларды дұрыс жасаған. Мамандар оқиға орнына 6 минутта жеткен. Диспетчердің арқасында туыстары ер адамға дер кезінде көмектесіп, дәрігерлер келгенде ол өз бетінше демалып отырған. Қарап тексеруден кейін ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал оның туыстары жедел жәрдем қызметкерлеріне шексіз алғысын білдіруде", - делінген хабарламада.

Павлодар облысының жедел жәрдем станцияларында барлық қызметкер тұрақты түрде реанимация негіздерін үйренеді. 

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде