{metadescription}
Қаскөйлер 14 полицейді өлтіріп кетті

Қаскөйлер 14 полицейді өлтіріп кетті

Мексиканың батысындағы Мичоакан штатында қаскөйлер полицияға шабуыл жасап, кем дегенде 14-ін өлтірген.

«Миленио» газетінің жазуынша, қарулы қылмыскерлер соттың ордерімен Агилилья муниципалитетіне келген тәртіп сақшыларын торуылдаған. Хабарларға қарағанда, тағы үш полицей жараланып, хал үстінде жатыр. Бұдан тыс, алты полицей хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды.

Шабуылдағандар жол талғамайтын бронды автокөлікте болған. Мичоакан губернаторы Сильвано Ауреолес Конехо «бұл қырғынды жасағандар жазасыз қалмайды» деп уәде берді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.