{metadescription}
Ақтөбеде жылқы кәріз құдығына түсіп кетті

Ақтөбеде жылқы кәріз құдығына түсіп кетті

Ақтөбеде құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны алып шықты.

«14 қазан күні сағат 20:05-те Ақжар ауылының Құмжол бау-бақша ұжымы маңында кәріз құдығына жылқы түсіп кетті. Оқиға орнына 6 адам 2 техника жіберілді. Құтқарушылар құдыққа түскен жылқыны шығарып алды», - деп хабарлады облыстық ТДЖ баспасөз қызметі.

 

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі мен авариялық-құтқару жасағы жұмыс істеді. Жылқының иесі белгісіз.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.