{metadescription}
Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі Лос-Анджелестегі кинофестивальге қатысады

Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі Лос-Анджелестегі кинофестивальге қатысады

Жыл сайынғы Азиялық Дүниежүзілік кинофестиваль (Asian World Film Festival) 2019 жылғы 6 қараша мен 14 қараша аралығында Калвер-Ситиде өтеді.

Осман империясы туралы «Великолепный век» фильміндегі көрермендерге танымал актриса Мерьем Узерли AWFF мерейтойлық жылы қазылар алқасының төрағасы болып сайланды. AWFF-2019 қазылар алқасына сонымен қатар Қазақстаннан режиссер - Гука Омарова да кірді.

Биыл кинофестиваль бағдарламасында қазақстандық режиссерлердің фильмдерін көрсету жоспарланған. Байқау бағдарламасына Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі қатысады. Фестивальдің қазылар алқасы бес номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды: «Үздік фильм», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Қазылар алқасының арнайы сыйлығы» және Қазылар алқасының сыйлығы.

«Бес жыл бұрын біз осы керемет оқиғаны миссиямен бастадық, ал қазір бұл миссия шындыққа айналды! Азия Голливудтың назарында», - деді AWFF атқарушы директоры Джордж Чамчун.

 Биыл Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) және Азиялық дүниежүзілік кинофестиваль жаңа азиялық режиссерге HFPA «Снежный барс» стипендиясын береді. Азиялық он екіге жуық қысқа метражды фильмдер, олардың ішінде қазақстандық режиссерлердің туындылары бар.

Осы жылғы құрметті қонақтар:

- Хироюки Санада, актер, (Последний самурай, Россомаха: Бессмертный, Мир дикого Запада, Мстители)

- Джил Неттер, продюсер, Академия сыйлығының лауреаты, Жизнь Пи»

- Билл Зейн - актер (Титаник, Твин Пикс, Фантом)

- Роберт Мареско, режиссер, сценарист, Оскар сыйлығының лауреаты (Малышка на миллион, Столкновение)

- Аки Алеонг, актер (Могучие рейнджеры, Китайский городовой, Жара в Лос-Анжелесе, Битва драконов, Прощание с королем)

- Мин На-Вен, актриса (Мулан, Агенты Щ.И.Т)

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде