{metadescription}
Әйел унитаздан егейқұйрық жеп жатқан жыланды көрген

Әйел унитаздан егейқұйрық жеп жатқан жыланды көрген

Аустралия тұрғыны түнде унитаздан егеуқұйрықты жеп жатқан жыланды көріп, қатты шошыған. 

Кондитер болып жұмыс істейтін Жана Энглер 12 қазанда түнгі сағат 4-те дәретханаға барған. Алайда ол унитаздан жыланды көріпті. Ол егеуқұйрықты жеп жатқан.

«Шошығаннан не істерімді білмей қалдым. «Бұл не сұмдық?!», -  деген ой ғана келді», - дейді әйел.

Мұнан кейін Энглер ұлын оятып, дәретханадағы сұмдықты көрсеткен. Айтуынша, ұлы мұндай көріністі көріп, қайран қалыпты.

«Ол жыланның егеуқұйрықты біздің көз алдымызда жеп жатқанына таңғалды», - дейді Жана Энглер.

Мұнан кейін әйел жұмысына кетіп қалған. Ал үйіне қайтып келгенде, унитазда жылан да, егеуқұйрық та болмаған. Ендігі ол жыланның қайтып келмейтініне үміттеніп отыр.

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде