{metadescription}
Саңырауқұлақ теруге шыққан рудныйлық әйел өлі табылды

Саңырауқұлақ теруге шыққан рудныйлық әйел өлі табылды

Рудный қаласында 47 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиға 13 қазан күні болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ер адам полицияға жүгініп, 47 жастағы қызының жоғалып кеткенін айтқан. Келесі күні қалалық полицияның кезекші бөліміне орман алқабынан бір әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнын жедел тергеу тобы жұмылдырылды.

«Медициналық-сауықтыру орталығы аумағындағы бұталардың арасынан зорлықпен өлтірілген әйелдің денесі табылды. Қылмысты ашу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Полиция жәбірленушінің таныстарынан жауап алып, қажетті жедел іс-әрекеттерін жүргізді. Нәтижесінде кісі өліміне жәбірленушінің досы мен оның жұбайының кінәлі екені анықталды», - деді Рудный қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әліманов.

Іс деректерінде көрсетілгендей, үшеуі саңырауқұлақты теруге шыққан. Олар орман алқабында ішімдік ішкен.

«Ер адам жұбайының кеткенін пайдаланып, 47 жастағы әйелге пышақ жұмсаған. Жәбірленуші дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Күдікті көз жұмған әйелдің киімдерін өртеп, бағалы заттарын өзімен алып кеткен», - деді Руслан Әліманов.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні Мендіқара ауданы Володаровка ауылынан ұстады. Ол 25 жаста. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.