{metadescription}
8 жасар бала салмағы 300 келіден асатын акуланы аулап алды

8 жасар бала салмағы 300 келіден асатын акуланы аулап алды

Аустралияда 8 жасар бала Сидней қаласының маңындағы жағалау суларынан салмағы 314 келі болатын акуланы аулап алды.

Джейден Миллауро әкесі Джонатан және кеме капитанымен бірге Сиднейдің оңтүстігінде балық аулап жүрген. Осы кезде ол алып жолбарыс акуланы ұстап алыпты. Балықшылар тобы жағаға оралғаннан кейін, ауға түскен акуланың рекорд орнатуы мүмкін екенін біледі. 

Миллауро екі жасынан бері балық аулаумен айналысады екен. Ол мұндай алып балықты аулау өзі үшін үлкен жетістік екенін айтады. 

Бұған дейінгі рекорд балықшы Ян Хиссейге тиесілі. Ол 1997 жылы салмағы 312 келі болатын жолбарыс акуланы аулапты. Ер адам балық аулау бойынша рекордтарды бақылайтын халықаралық қауымдастықта аулаған балығының өлшемдерін тіркеткен.  Жолбарыс акула адамдар үшін өте қауіпті саналады. Әдетте олардың ұзындығы 4,25 метрге, ал салмағы 635 келіге дейін жетеді. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде