{metadescription}
75 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге әкелді

75 жастағы әйел тұңғыш баласын өмірге әкелді

Үндістанның Раджастан штатының тұрғыны Прабха Деви 75 жасында босанды.

Ол адамзат тарихындағы ең қарт ана атануы мүмкін. 75 жастағы әйел экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) арқылы бала көтерген.

Қыз бала мезгілінен бұрын туды. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жасына байланысты кесар тілігі жасауға тура келген. Нәрестенің салмағы небәрі 600 граммды құрады, ол дереу жансақтау бөліміне орналастырылды. Сәби дүниеге келген соң бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Қазір ана мен қыз дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, 73 жастағы Ерраматти Манджайямма 2019 жылдың қыркүйегінде егіз қызды дүниеге әкелді. Әйел 1962 жылы үйленгенін айтты, бірақ бірнеше жылдар бойы күйеуі екеуі балалы бола алмады. Тек қазіргі репродуктивті технологияның көмегімен балалы болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде