{metadescription}
Өз-өзіне қол салған офицердің әйелі Президентке видеоүндеу жолдады

Өз-өзіне қол салған офицердің әйелі Президентке видеоүндеу жолдады

Талант Амантаев, жұбайының айтуынша, сотталған Кондратенконың өлімі бойынша тергеу кезінде көрсетілген психологиялық қысымға шыдамаған.

Әлеуметтік желіде ОВ 156/2 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі басшысының бұрынғы орынбасары Талант Амантаевтың әйелінің видеосы тарауда. Ол күйеуінің өз-өзіне қол салмақ болғанын айтады. Видеода Әсем Амантаева 14 қазанда асылып тұрған күйеуінің үстінен түскенін, оны құтқарып қалғанымен, қазір ол комада екенін айтады.

Талант Амантаев, жұбайының айтуынша, сотталған Кондратенконың өлімі бойынша тергеу кезінде көрсетілген психологиялық қысымға шыдамаған. Ол күйеуінің қылмыс жасамағанын айтып, президенттен оған араша түсуді сұрайды.

Айта кетсек, ОВ 156/2 қаттаң қадағалау режиміндегі мекемесінде 18 маусымда сотталушы Андрей Кондратенконың камерада асылып, көз жұмуына байланысты тергеу басталған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тәртіптік жаза аясында Талант Амантаев қызметінен босатылды.

Марқұмның сотталушының апайы Ирина Никифорова тергеу қорытындысы суицид деген болжаммен келіспеді. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы оқиғаға назар аударып, объективті тергеу жүргізуді сұраған. Осыдан соң облысқа Бас прокуратураның арнайы тергеу тобы сау ете түскен.

Дереккөз: Zakon.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.