{metadescription}
Галереядан шамамен 8 млн теңгенің картинасы ұрланды

Галереядан шамамен 8 млн теңгенің картинасы ұрланды

Ер адам 32 секунд ішінде құны 20 мың доллар болатын картинаны ұрлап әкетті.

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Dennis Rae Fine Art галереясынан Сальвадор Далидің картинасы ұрланды. Бірде-бір бейнебақылау камерасында ер адамның түрі көрінбейді. Ол өзінің жоспарын небәрі 32 секунд ішінде жүзеге асырған.

Суретші туындысының құны шамамен 20 мың доллар, деп хабарлайды ABC7 News галерея директорына сілтеме жасап. Ұрлық кезінде галереяда испан сюрреалистері туындыларының көрмесі өтіп жатқан. Дали өзінің картинасын 1966-1967 жылдары жазды. Оған Пабло Пикассоның шығармашылығы әсер еткен.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.