{metadescription}
Жылқысын сойып жеген қыз жұрттың ашуын туғызды

Жылқысын сойып жеген қыз жұрттың ашуын туғызды

Бір апта бұрын Норвегиядағы Трённелаг тұрғыны Пиа Ольден Facebook-ке сурет жүктеп, енді оны бүкіл әлемнің қолданушылары балағаттап жатыр.

Суретте – асылған кәдімгі жылқы еті.Бойжеткен өзінің тағамын бір апта бұрын Facebook-парақшасында жариялаған. Жазба астында бірден норвегиялық, орыс, француз және испан және басқа да тілдерде өшпенділікке толы пікірлер жазылған. 

"Көбі менің есалаң екенімді жазып жатыр, ешқашан балам болмайды деп үміттенетіндерін, маған жануар ұстауға тыйым салу керек екенін жазады", - дейді Ольден NRK телеарнасына. 

Норвегиялық қыздың айтуынша, жылқының жарақаты болған. Оны емдеу мүмкін емес екен, жануар қиналып жүрген соң, жалғыз таңдау - оны ұйықтату болды дейді жылқының қожайыны.

"Өкінішке қарай, ұйықтатып тастауға тура келді. Оған онша көп дәрі-дәрмек салынбағандықтан, етін жеуге болатын. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ жылқым өлімінен кейін де пайдасын тигізсін деп ойладық, көміп тастау, немесе денесін лақтырып жіберуге обал – қаншама аса сапалы ет қой бұл", - дейді ол. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде