{metadescription}
Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен балаға қатысты тың дерек шықты

Семейде 23 жыл бұрын жоғалып кеткен балаға қатысты тың дерек шықты

Семей қаласында осыдан 23 жыл бұрын 5 жасар Ержан Сүйінжанов із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

5 жасар Ержан Сүйінжанов 1996 жылдың жазында Семей қаласының маңындағы «Сосна» балалар шипажайының аумағында жоғалған болатын. Баланы іздеуге полициямен қатар, әскер де, еріктілер тобы да араласқан еді. Павлодар облысының шекарасына дейін созылып жатқан қарағайлы орманның әр метрін кинологтар итпен шарлап, орманның үстінен тікұшақпен де қарап шығады. Алайда баланың өзі де, ізе де табылмады.

Ержанның туған ағасы Даниал Сүйінжанов жиенін табудан үмітін жоғалтар емес. Оның айтуынша, баланы біреу ұрлап кетіп, бөтен отбасында тәрбиеленген. Қазір Ержанның бөлек есіммен басқа қалада тұрып жатқанына ағасы сенімді.

Ер адам жүгінген көріпкелдердің барлығы Ержанның тірі екенін айтуда. Таяуда қазақстандық азамат мәскеулік көріпкелге жүгініпті. Өз кезегінде ол да жоғалған туысының тірі екенін айтып, жаңа есімін атапты.

«Есімі Дамир Әлиев. Новосібірде тұрып жатыр. Ол Алтай өңірінде жоғары оқу орнын тәмамдаған. Екі тілді меңгерген. Қазақстанға бірнеше рет келіп-кеткен», - дейді ресейлік көріпкел.

Осыдан кейін Семей полициясы көріпкелдің мәліметтерін тексеруге уәде етіп, ресейлік әріптестеріне сауал жіберетінін айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.