{metadescription}
Өтіп кеткен концертке онлайн түрде билет сатқан 18 жастағы алаяқ ұсталды

Өтіп кеткен концертке онлайн түрде билет сатқан 18 жастағы алаяқ ұсталды

Ведомствоның мәліметінше, 18 жастағы жігіт алаяқтық әрекетін қыркүйектің соңында белгілі әнші шаһарға келіп жеке концертін қойған кезде іске асырған.

Алаяқтың құрбанына айналған алматылықтар концертке келген кезде ғана алданғандары туралы білген. Ведомствоның мәліметінше, 18 жастағы жігіт алаяқтық әрекетін қыркүйектің соңында белгілі әнші шаһарға келіп жеке концертін қойған кезде іске асырған. Күдікті сол сәтті пайдаланып, интернетте арнайы хабарлама беріп, концертке билет сататыны туралы жазған.

"Алаяққа алданған тұрғындар оған ақша аударғаннан кейін жас жігіт олардың пошталарына өтіп кеткен концерттің электрондық нұсқадағы билетін жіберген. Ештеңеден күмәнданбаған адамдар билеттерді басып шығарып алып, концерт болатын жерге барған. Алайда, face-бақылаудан өту кезінде концерт ұйымдастырушылары билеттің жарамсыз екенін айтқан. Тұрғындар бірден полицияға шағым түсірді. Артынша 2001 жылы Түркістан облысында туған М. есімді азамат ұсталды. Қазір күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Түрксіб ауданы ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Искаков.

Аталған дерекке сәйкес ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.