{metadescription}
Қызылордада баласын құтқармақ болған әкені автобус қағып өлтірді

Қызылордада баласын құтқармақ болған әкені автобус қағып өлтірді

Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобус екі адамды қағып кетті.

Олардың бірі алған жарақатынан қаза болса, екіншісі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілд. Оқиға 17 қазан күні сағат 12.30 шамасында Абай даңғылы мен Ы. Алтынсарин көшесінің қиылысына жақын жерде болды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткендей, жолдың белгіленбеген тұсынан 4 жасар бала жүгіріп шыққан. Артынан әкесі құтқаруға ұмтылған. Сол мезетте жақындап қалған қоғамдық көлік оларды қағып кеткен. Алған жарақаты салдарынан баланың әкесі көз жұмды. Ал бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

​ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталып жатыр.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.