{metadescription}
Елімізде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Елімізде кешкі 8-ден таңғы 9-ға дейін шулауға тыйым салынуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі кешкі 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салуды ұсынып отыр.

"Тыныштықты бұзу туралы 437-бап қайта қаралды. Қазіргі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейінгі уақытты 20.00-ден таңғы 09.00-ге дейін өзгерту ұсынылып отыр", - делінген денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы жайлы баяндамасында.

Сондай-ақ, заң жобасында тұрғын үй ғимараттарында және тұрғын үй құрылысы аумағында орналасқан ойын-сауық мекемелеріне жұмыс күндері кешкі 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері кешкі 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін тыныштықты бұзуға тыйым салу көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабына сәйкес, тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – 5 АЕК (12 625 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10 АЕК (25 250 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 15 АЕК (37 875 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК (126 250 теңге) айыппұл салынады. Егер әкiмшiлiк жазадан кейiн, заң бұзушылық бiр жыл iшiнде тағы қайталанса, онда айыппұл сомасы екі еселенеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.