{metadescription}
Петропавлда туберкулез диспансерінің пациенті ауруханада өзіне қол жұмсады

Петропавлда туберкулез диспансерінің пациенті ауруханада өзіне қол жұмсады

Ер адам таңғы сағат 4-тің шамасында өзіне қол жұмсаған.

Басылым мәліметінше, қырық жастағы ер адам облыстық фтизиопульмонология орталығының (бұрынғы туберкулез диспансері) хирургия бөлімінде болған. Ол мұнда тексерістен өту үшін жіберіліпті. Отбасы, жұмысы мен баспанасы жоқ ер адам медицина мекемесіне түспестен бұрын, ұзақ уақыт ішімдікке салынған көрінеді. 

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің сөзінше, ер адам таңғы сағат 4-тің шамасында өзіне қол жұмсапты. Ол бірден өліп кеткен, дейді. Басқарма басшысының айтуынша, пациенттің суицид жасауына ішімдікке салынуы және әлеуметтік ынтасының төмен болуы себеп болуы мүмкін. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде