{metadescription}
Ақсайда жол апатынан екі адам мерт болды

Ақсайда жол апатынан екі адам мерт болды

Ақсай қаласында жол апатынан екі адам мерт болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең «Нефтэк» жанар-жағар май құю стансасы маңында болған. «Лада Гранта» қарсы бетке шығып кетіп, «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту 07.25-те түскен. 71 жасар әйел мен 69 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алып, денесі көгерген 33 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.