{metadescription}
Шетінеп кеткен қыз 30 жылдан кейін еркек болып оралды

Шетінеп кеткен қыз 30 жылдан кейін еркек болып оралды

АҚШ-тың  Лос-Банос қаласының тұрғыны өзінің 29 жастағы ұлы бар екенін білді.

Алайда әйел осыған дейін оның тірі екенін білмепті. KMPH-TV мәліметінше, Тина Бехарано 17 жасында тұңғышын босанған. Ол жаңа туған қызына  Кристин деген есім беріпті. Алайда жас босанған әйел перзентін көре алмаған. Себебі бастапқыда анасы оған қызын перзентханадан алып келуге тыйым салса, артынша нәрестенің туылғаннан 15 минуттан соң шетінеп кеткенін айтып сендіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Содан бері арада өткен 29 жыл ішінде Бехарано тағы бес баланы дүниеге әкелген. Ол осыған қарамастан шетінеп кеткен тұңғышын ұмытпапты. Тіпті, жыл сайын Кристиннің туған күнін атап өтетін болған. 2018 жылы әйел бейтаныс біреуден электронды хат алған. Хат иесі генеалогиялық қызметтердің бірінің көмегімен ДНҚ тестін жасап, күтпеген мәліметке қол жеткізіпті.

«Бізге сөйлесу керек сияқты. Мұнда біздің туыс екеніміз, менің анам екеніңіз көрсетілген», - деп жазылған хатта. 

Артынша анықталғандай, Кристин дүниеге келгеннен кейін тірі қалған екен. Қыздың жарық дүниеге келгеніне 5 күн болғанда оны Лас-Вегаста тұратын ерлі-зайыпты асырап алады. Осылайша, ол өзін асырап алған отбасында бой жетіп, артынша жынысын еркекке ауыстырып тастапты. Ендігі ол Нью-Джерсиде әйелі және баласымен бірге тұрып жатыр. 

«Ол жынысын ауыстырды ма, жоқ па, ол жағы мені алаңдатпайды. Қандай айырмашылығы бар?! Бастысы, ол – менің балам. Оның тірі екеніне өте қуаныштымыз», - дейді Тина Бехарано.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.