{metadescription}
Дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кеткен

Дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кеткен

Болгария ауруханаларының бірінің дәрігерлері тексеру кезінде жетпіс жастағы науқас Асенка Христованы жоғалтып алып, оны алты сағат бойы іздеді.

Жәбірленушінің қызының айтуынша, анасы ауруханаға барып, жоғалып кеткен. Әйел мазасызданып, полицияға барған. Науқасты медициналық мекемеде алты сағат бойы іздеп, ақыр соңында томограф тұрған құлыпталған бөлмеден тапқан. Христова есіктерді аяқкиіммен ұрып, айғайлаған дауысты естіп қалыпты.

Рентгенологтың көмекшісі Камелия Крастева әйелді томографқа жатқызып, оны түсіріп алып, кабинеттің есігін жауып, кетіп қалғаны белгілі болды. Қазір ол еңбек демалысында. Крастеваға айыппұл салынып, сөгіс жариялануы мүмкін.

Аурухана басшылығы томографта ұзақ уақыт жату Христованың денсаулығына әсер етпеді деп сендірді, өйткені құрылғы сөндірулі болған. Дегенмен туыстары сонда да сотқа берейін деп отыр.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.