{metadescription}
Қазақстандық дзюдошылар Словениядағы турнирде 3 алтын алды

Қазақстандық дзюдошылар Словениядағы турнирде 3 алтын алды

Словенияда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. 

Аталған сынға 27 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды.

Бейбітхан Сейфулла (50 келі), Жұбатқан Нұрсұлтан (55 келі), Тынарбай Тілеген (66 келі) чемпион атанса, Әкімбек Қимадинов (50 келі), Ринат Есенғалиевтің (55 келі) еншісінде күміс жүлде бар.  Қола медальді Санжар Әли (50 келі), Аслан Лес (60 келі), Жұрқамырза Шүкірбеков (+90 келі) және Алмат Әділет (50 келі) иеленген. 
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде