{metadescription}
«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы басталды

«Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы басталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Медеу» мұз айдыны ашылғанын мәлімдеді.

«20 қазаннан бастап «Медеу» мұз айдынында сырғанау маусымы ашылды. Барлық белсенді демалыс әуесқойлары — қош келдіңіздер!», - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Жаңа маусымда қайта сырғануға ақша төлеудің қажеті жоқ. Енді мұз айдынына келген қонақ 1000 теңгеге коньки алып, сеанс соңына дейін сырғанауына болады. Бұл тек ақшаны үнемдеумен қатар, жалға алу кассасына екінші рет кезекке тұрмай-ақ, уақытты үнемдейді.

Конкилерді жалға беру жүйесіне де өзгерістер енгізілген. Нысан іші кең. Конькилерді қайрау мен кафетерий жеке локацияда орналасқан. Коньки беретін терезелер саны артқан. Нысан, келушілер жиі шағымданатын оның ішіндегі дәретханалар да жөндеуден өткен.

Қонақтарға ыңғайлы болу үшін конькилер саны 3500 жұпқа дейін артты. Балалардың қауіпсіз сырғанауы үшін қорғаныс комплектілері және сырғанауды жаңа бастағандарға арналған қосымша инвентарь сатып алынды. Оның ішінде ең кішкентай келушілерді сырғанататын «киттер» де бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.