{metadescription}
Акула зообаққа келушілердің көзінше тұқымдасын жұтып қойды

Акула зообаққа келушілердің көзінше тұқымдасын жұтып қойды

Бельгияда акула өзінің едәуір ұсақ тұқымдасын тірідей жеп қойып, хайуанаттар бағына келушілердің жағасын ұстатты. 

RTBF хабарлағандай, бұл оқиға Антверпен хайуанаттар бағында болған. Куәгерлердің бірі оны видеоға түсіріп алыпты. Бейнежазбадан ірі қара акула едәуір ұсақ акуланың жанына жүзіп келіп, оған бас салғаны көрінеді. Кейін жыртқыш өз тұқымдасын жұтып жіберіп, аузында құйрығы салбыраған күйі куәгерлердің алдынан жүзіп өтеді.

Хайуанаттар бағындағылар оқиғаға түсініктеме беріп, жыртқыш балықтар көптеген жыл бойы бірге өмір сүргенін, дегенмен бір нәрсеге таласып қалғанын атап өтті. Сондай-ақ мамандар ұсақ акула ауырып, әлсіреген болуы мүмкін деген де болжам жасап отыр.   

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.