{metadescription}
Қазақстанда көктайғақ пен қардың салдарынан жолдар жабылды

Қазақстанда көктайғақ пен қардың салдарынан жолдар жабылды

Мұз бен қардың салдарынан республиканың бірқатар бағыттары көлік қозғалысында жабық күйінде қалып отыр.

«Қазақавтожол» кәсіпорнының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жабысқақ қардың салдарынан 19 қазаннан бастап жолдарда жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс шектелген:

  • «Өскемен - Риддер - РФ шекарасы» (15-105 км, Белоусовка ауылы - Риддер қаласы)
  • «Өскемен - Алтай - Катонқарағай - Рахмановский кілттері» (6-66 км, Ушановское ауылы - Серебрянск қаласы).

Жексенбі күні сағат 19:45-те көктайғақ салдарынан Алматы – Өскемен тас жолында (778-967 километр, Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы) жүк және жолаушылар автокөлігі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Жексенбі күні сағат 20:40-тан бастап Алматы – Өскемен тасжолының Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов ауылына дейінгі учаскесінде (971-1068 километр) қозғалыс шектелді.   

Облыстық шығыс жолдың хабарлауынша, Өскемен-Тарғын-Самарс жолы (62-145 км, Тарғын-Самарское ауылы) тіркемесі бар жүк машиналары үшін жабылды.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.