{metadescription}
Ақмолада 2 адам пештен шыққан ыстан уланып, көз жұмды

Ақмолада 2 адам пештен шыққан ыстан уланып, көз жұмды

Ақмола облысының Бұланды ауданында 22 жастағы келіншек пен 11 жастағы қыз бала ыстан уланып көз жұмды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға қазанның 19-ында кешкі сағат 18:09 шамасында Макинск қаласы Екінші станционный көшесінің қиылысындағы жеке тұрғын үйде болды.

«Аталған мекенжайға ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер және 1 техника, аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 2 техникасы барды. Оқиға орнынан 1997 жылғы О.В.Анохина мен 2008 жылғы А.С.Савельеваның денесі табылды. Анықталғандай, екеуі де пештен шыққан ыстан уланып қалған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көз жұмған келіншек үйді жалдап тұрған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.