{metadescription}
Алматы облысында ер адам өрттен отбасын құтқарамын деп көз жұмды

Алматы облысында ер адам өрттен отбасын құтқарамын деп көз жұмды

Алматы облысында жер үй өртеніп, әкесі мен баласы қаза тапты.

Қайғылы жағдай 5 қазан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Жаңашар ауылдық округіне қарасты Алиит саяжайында болған. Алматы облыстық ТЖД мәліметті растады. Оқиғадан кейін отағасы мен ұлы ауруханаға жеткізіліпті. Алайда оларды құтқару мүмкін болмаған. 6 қазанда екеуі де көз жұмды. 

«Отбасының баспанасы өртенген. Ер азамат баласы мен әйелін құтқармақ болып, қызыл жалынға күйген. 1989 жылғы ер адам ауруханада қайтыс болды. 2012 жылғы баласы да ауруханада көз жұмды», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Аталған ведомствоның мәліметіне сәйкес, алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан болған. Яғни, пештің мұржасы мен жанғыш заттардың арасындағы ара қашықтық сақталмаған. Өрттен отанасы, екі жарым жасар ұлы мен бір жасар қызы аман қалды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.