{metadescription}
Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Аустралияның Мельбурн қаласының тұрғыны асқазаны ауыратынын айтып дәрігерге жүгінген.

Сөйтсе, ол жүкті болып шыққан. Тіпті, әйел жүктіліктің 35-аптасында жүрген екен. Сол күні 26 жастағы Кэйти Мэйсонды бірден ауруханаға алып кетіпті. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол ұл баланы өмірге әкелді. Әйел баласына Флинн деп есім берді.

Мэйсон босанғанға дейін жүктіліктің ешқандай белгілерін байқамағанын айтады. Оның іші шықпаған, таңертең жүрегі айнымапты, сонымен қатар етеккірі де уақытылы келген. 

Тіпті, Кэйти сәбиін босанға дейін ішімдік ішіп, белсенді түрде спортпен шұғылданғанын айтады. Жүкті екенімді білмедім, дейді ол. Әйел Флиннің әкесіне ұлды болғанын айтқан. Алайда ер адам баласының тәрбиесіне араласудан бас тартыпты.

Дереккөз: Stan.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.