{metadescription}
Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін

Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық 5 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа бірнеше айып тағылды.

Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

"Оған бірнеше айып тағылды. Оқиға орнынан қашу, көлікті тіркеу ережелерін бұзу, сақтандыру құжатының болмауы, сондай-ақ, жүргізуші куәлігінің болмауы. Оңтүстік Корейдің осы тексеру жұмыстарын жүргізуі бойынша ол бес жылға сотталуы мүмкін немесе айыппұл салынады", - деді Смадияров брифингте.

Ол бұл оқиғаның шулы екенін және ІІМ бақылауында болатынын айтты. Айта кетсек, қазақстандықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол Чанвон қаласында тергеу изоляторында отыр. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.