{metadescription}
Ақмола облысында жол апатынан 41 жастағы ер адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан 41 жастағы ер адам көз жұмды

Ведомствоның мәліметінше, қазанның 20-да Степногорск қаласының ӨҚБ-16 диспетчеріне «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолының 84 шақырымында жол апаты болғандығы туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобының қызметкерлері «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолының бойында, яғни, Ақсу кенті бағытындағы Қырық-құдық ауылы маңында «Volkswagen «Golf-2» автокөлігінің жол апатына ұшырағанын анықтады. 1978 жылғы жүргізушісі жолдың тайғақ болуы салдарынан көлікті басқара алмай жолдың шетіндегі орға аударылған. Ер адам алған дене жарақытынан Степногорск қалалық көпбейінді ауруханасында көз жұмды. Көлікте ол жалғыз болған», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, қазанның 20-да сағат 15:00-де Көкшетау қаласының Уәлиханов көшесінде «BMW 535» көлігінің 1996 жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытымен жүріп келе жатқан «Ауди 80» көлігіне, ал ол өз кезегінде бір бағытта келе жатқан «Chevrolet Niva» пен жолдың шетінде тұрған «Volkswagen Passat» көліктеріне соқтығысқан. Осының салдарынан 4 көлікке залал келген.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жолға шыққанда жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтап, сақтық шараларын естен шығармауға шақырады.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.