{metadescription}
Қостанайда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті іздестіріліп жатыр

Қостанайда аса ауыр қылмыс жасаған күдікті іздестіріліп жатыр

Қостанай облыстық Полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасаған 30 жастағы күдіктіге іздеу салды.

Қостанайлық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Пермяков Иван Сергеевичті іздестіріп жатыр. Ол 1989 жылы туған, ұлты – орыс, Қазақстан азаматы, Рудный қаласында туған. Айрықша белгілері: бойы шамамен 180 см, ірі денелі, шашы қара қоңыр түсті, бет-әлпеті сопақтау, көзі ашық қоңыр, қасы түзу, мұрны оң жаққа қисайған, тік иек, іргелес құлақ. Күдіктінің мұрны мен иегінде тыртығы бар.

Тәртіп сақшылары Иван Пермяковқа қатысты ақпараты бар тұрғындарды мына жедел байланыс телефондарына хабарласуды сұрайды: (8-71431) 3-30-20, 3-31-27, ұялы телефон: 8-777-302-02-01, 8-775-165-62-22, 8-775-435-90-44, 8-708-338-93-55 немесе 102.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.