{metadescription}
Тісін жұлдыру үшін кезек күтуден шаршаған ер адам өзіне қол жұмсады

Тісін жұлдыру үшін кезек күтуден шаршаған ер адам өзіне қол жұмсады

Ұлыбританияның Саутгемптон қаласының тұрғыны дәрігердің ақыл тісін жұлғанын күтуден шаршап, өзіне қол жұмсаған.

38 жастағы Энтони Хоскинстің биылғы жылдың қаңтар айынан бері ақыл тісі ауырып, тісін жұлдыру үшін дәрігердің кезегіне жазылған. Алайда ол өз кезегін ұзақ уақыт күте алмапты. Тіс ауруы маза таптырмағаннан кейін, ер адам күнделікті ауруды басатын дәріні көп мөлшерде қабылдап, ұйқыға жатар алдында бір стақан виски ішкен. 

Хокинстің анасы оған көмектесуге тырысып, жекеменшік тіс дәрігеріне емделуі үшін ақша жинапты. Осылайша, ол ұлына 1,5 мың фунт (750 мың теңгеден аса) жинап беремін деп жоспарлаған. Наурыз айында ер адам «тісінің ауруы шыдатпай бара жатқанын айтқанда», анасының жинаған ақшасы 900 фунт (450 мың теңгеден аса) болған. Сондықтан ол ұлынан тағы бірнеше апта күтуін сұрапты. 

Анасының сөзінше, Хоскинстің қаржылық қиындықтары болмаған. Ол кадрлық агенттікте жұмыс істеп, үйінің пәтерақысын уақытылы төлеп келіпті. Көктемде әйел полицияға хабарласып, бірнеше күннен бері ұлымен хабарласа алмай отырғанын айтады. 3 сәуірде полицейлер Хоскинсті өз пәтерінен өлі күйінде тапты. Анықталғандай, ер адам өзіне қол жұмсаған. 

Анасының айтуынша, ұлының жерлеуіне жекеменшік тіс дәрігеріне емделуге жететін ақша жұмсалған.

Дереккөз: stan.kz 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.