{metadescription}
Экс-президент ауруханаға түсіп қалды

Экс-президент ауруханаға түсіп қалды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер ауруханаға түсіп қалды.

Ол дүйсенбі кешінде үйінде құлаған. Бұл туралы The Carter Center Тwitter-де мәлімдеді. Экс-президенттің жамбасы сынған.

«АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер кеше кешкісін Джорджия штаты, Плейнс қаласындағы үйінде құлап қалды. Жамбасы сынып, Phoebe Sumter медициналық орталығына жатқызылды», - делінген мәлімдемеде.

Хабарларға қарағанда, қазір 95 жастағы Картердің көңіл күйі көтеріңкі, үйіне қашан шығаратынын асыға күтіп жатыр. Айта кетейік, биыл мамыр айында ол жамбасын сындырып алып, ота жасатқан болатын. Джимми Картер Америка Құрама Штаттарын 1977-1981 жылдары басқарған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.