{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін канадалық 39 жастағы нигериялық боксшы Альберт Онолуносқа қарсы өткізеді.

26 жастағы қазақстандық спортшы өзінің орта салмақтағы WBC Continental Americas титулын 9 қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) қорғайды. Оның қарсыласы мансабында Альберт Онолунос 24 рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан. Бір айқаста тең түскен.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 17 тамызда Лос-Анджелесте өткізді. Бесінші раундта ол канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа жіберіп, WBC Continental America және WBO Global орташа салмақ дәрежесін қорғады.


 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.