{metadescription}
Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді

Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді

Төреші төбелесіп жатқан спортшыларды ажыратпақ болғанда, басынан соққы алып құлайды.

Жекпе-жекті тоқтатуға тура келген. Жапонияда бирмалық бокстан өткен Lethwei 14 in Japan турнирінде спортшы төрешіні нокаутқа жіберді. Видео Twitter желісінде жарияланды. Жекпе-жектің жетінші секундында төреші жұдырықтасып жатқан боксшыларды ажыратпақ болғанда, басынан ауыр соққы алып, тәлтіректеп барып құлайды, деп жазады sputniknews.kz.

Жекпе-жекті тоқтата тұруға тура келді, өйткені төреші біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған. Бирмалық бокстың ерекшелігі – қолғаптың орнына дәке орайды, сондай-ақ баспен ұруға рұқсат етіледі.



 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.