{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір атақ берілді

Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір атақ берілді

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы берілді.

Бұл туралы елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

«Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің Құрметті докторы атағы берілді», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.

Цукуба университеті – Жапонияның жетекші ұлттық университеттерінің бірі. Жоғары оқу орнының тарихы 130 жылдан асып жығылады.

Еске салып өтсек, Елбасы Жапония астанасына император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін барды. Салтанатты шара 22 қазанда Император сарайында өтті. Сондай-ақ сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.